Тарих және ректорлар

Нархоз университетінің негізі 1963 жылы, орасан зор жоспарлар, көлемді реформалар мен үлкен жетістіктер дәуірінде қаланды. Университет прогресі заманына сай аса қарқынды болды, яғни негізі қаланғаннан бүкілодақтық деңгейде мойындалғанға дейін аз ғана уақыт өтті.

Нархоздың қалыптасу тарихында Қазақстанда жоғары   экономикалық білім берудің дүниеге келуі мен дамуының барлық үдерісі көрініс табады. Университет табысты да жемісті    экономистерқаржыгерлер, менеджерлер мен бизнесмендердің   бірталай ұрпағы үшін альма-матер болып саналадыӨз дамуының алғашқы кезеңінен-ақ жаппай құрмет пен қадірлеуге ие болған Университет соңғы жарты ғасырдан астам уақыт бойы жұмыс істеудің жоғары стандарттарын ұстанады және жаңа һәм көрнекті жетістіктерге қол жеткізуге ұмтылады.

Өз тарихы мен дәстүрлерін мұқият сақтай отырып, университет болашақ жетістіктерге ұмтылады, әрі өзінің басты миссиясы  жоғары сапалы білім мен зерттеулер арқылы қоғамдастық, ұлт және әлем көшбасшыларын дайындау ісін орындауды жалғастырады.