
АХШИ, ҚазМБА, Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, Т. Рысқұлов атындағы ЖЭУ, Нархоз университеті – осы Университет қабырғасында оқығандардың қай-қайсысы болмасын осында өткізген кезеңі, бітірген жылы мен мамандығына да тәуелсіз түрде өзін мен Нархоздықпын деп мақтанышпен айта алады. Әрбір түлек – студенттердің келесі ұрпақтары үшін тағылымды тарих және мұра.
Миссиясы
Нархоз университетінің түлектерін Университеттің мәдениеті, дәстүрлері мен біліми құндылықтарын сақтау және алға жылжыту үшін бір шаңырақтың астына топтастыру.
Мақсаты
- Түлектерді біріктіру;
- Университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Міндеттері
- Түлектер туралы мәліметтер базасын құру;
- Түлектермен байланыс орнату;
- Қауымдастықты университеттің өмірі мен қызметіне тарту;
- Нархозбен бірлескен жобаларды имплементациялау, яғни іске қосу