ESF қоры

«ESF»  корпоративтік қоры осы Жарғыда қарастырылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін құрылған  ерікті, коммерциялық емес қайырымдылық ұйым болып табылады, ал оның қызметі пайда алу мүмкіндігін бермейді. Қордың құрылтайшысы «Нархоз университеті» акционерлік қоғамы болып саналады.

Қор өз қызметінде пайда алу және түскен пайданы Университет пен Қор жұмыскерлері арасында олардың тапқан табысы ретінде бөліп беру мақсатын көздемейтін заңды тұлға болып табылады.

Қордың мақсаты «Нархоз университеті» АҚ-ның білім алушылары, оқытушылары мен түлектерін  әлеуметтік-құқықтық тұрғыдан қорғау, қаржылай нығайту және олардың әл-ауқатын арттыру болып есептеледі.