Шет елде оқыту

Академиялық ұтқырлық бөлімі шет елдегі серіктес университеттердің бірінде бір семестр бойы оқыту
Дайындық күні: 27.05.2019
Іске қосу күні: 02.09.2019
Бюджет: 100,000 ₸

Академиялық ұтқырлық бөлімі шет елдегі серіктес университеттердің  бірінде бір  семестр бойы оқыту үшін  2-3 курстың үздік  студенттерін таңдау бойынша конкурс өткізеді.

Серіктес университеттер:

Талаптар: 2 және 3 курс, GPA 3.0, ағылшын тілін білу деңгейі intermediate-ден төмен болмауы тиіс.

Нәтиже: Нархоздықтар оқудың халықаралық тәжірибесіне ие болады, көзқарас көкжиегін (горизонтын)  ұлғайтадышетелдік студенттермен танысады ағылшын тілін білу деңгейін арттырады және елімізден тыс жерлерде Қазақстан туралы айтып береді, әрі Нархоздың Амбассадоры атағын жоғары ұстайды деп сенеміз.

Қазақстандағы білім беру сапасы мен деңгейін көтеру, әрі салыстыру үшін білім саласындағы халықаралық тәжірибемен  студенттерді таныстыру біз үшін аса маңызды және өте қажет.

Өйткені бәрінен де хабардар студенттер – бұл елдің экономикалық және бизнес болашағы.

 
Жобалар дегеніміз не ?

Біз мүмкіндіктер мен жаңалықтар уақытында өмір сүріп жатырмыз . Біздің түлектердің тәжірибесі, білімі мен мүмкіндіктері - бұл университетке көмектесіп, жас студенттерді ынталандыратын қозғаушы күш .

Біздің түлектер мен серіктестер әрдайым студенттердің жобаларын қолдайды, сондай - ақ өздері бастамашылар болып келеді .