Студенттік клубтар жәрмеңкесі 2018

25-тен астам студенттік ұйымның көшбасшылары (лидерлері) тілек білдірген барлық студенттер үшін кездесу ұйымдастырды.
Дайындық күні: 17.01.2018
Іске қосу күні: 12.02.2018

25-тен астам студенттік ұйымның көшбасшылары (лидерлері) тілек білдірген барлық студенттер үшін кездесу ұйымдастырды. Әрбір студенттік клуб өз жетістіктерін алға тартты және белсенділіктер бағдарламасы туралы айтып берді. Студенттер клубтар белсенділерімен танысу, өз дарындарын таныту және ұйымдардың біріне мүше болу  мүмкіндігіне ие болды. Айтпақшы, әрбір студенттік клуб тек өз тарихы, жанкүйерлері мен жетістіктеріне ғана емес, сонымен қатар Нархоздың  Маркетинг басқармасында арнайы әзірленген логотиптер, пресс-қабырғалар мен роллаптардың бірегей дизайнына ие.

2016 -2017 жылдары Нархоздағы  студенттік ұйымдардың да,  клубтар қатысушыларының саны да үш есе өсті. Студенттік ұйымдар Нархозда 150-ден астам іс-шара өткізді.

Жобалар дегеніміз не ?

Біз мүмкіндіктер мен жаңалықтар уақытында өмір сүріп жатырмыз . Біздің түлектердің тәжірибесі, білімі мен мүмкіндіктері - бұл университетке көмектесіп, жас студенттерді ынталандыратын қозғаушы күш .

Біздің түлектер мен серіктестер әрдайым студенттердің жобаларын қолдайды, сондай - ақ өздері бастамашылар болып келеді .