«Өзіңді өзің қалыптастыр» оқу клубы

Жеке және кәсіби даму үшін оқу клубы
Дайындық күні: 01.09.2014
Іске қосу күні: 01.10.2014

"Өзіңді өзің қалыптастыр" оқу клубы 2014 жылғы қазан айында  Нархоз университеті Ғылыми кітапханасының базасында негізі қаланған.  Клубты құру идеясы ЖОО түлегі  Азамат Утеновке тиесілі. Азамат тұлғалық және кәсіби даму бойынша кітаптарды кітапханаға сыйға тартады, бұл кітаптарды оқу орнының студенттерімен бірлесіп талқылайды және жемісті мансап құру жөніндегі өзінің тәжірибесімен бөліседі.

 
Жобалар дегеніміз не ?

Біз мүмкіндіктер мен жаңалықтар уақытында өмір сүріп жатырмыз . Біздің түлектердің тәжірибесі, білімі мен мүмкіндіктері - бұл университетке көмектесіп, жас студенттерді ынталандыратын қозғаушы күш .

Біздің түлектер мен серіктестер әрдайым студенттердің жобаларын қолдайды, сондай - ақ өздері бастамашылар болып келеді .