Жобалар түні 2017

Жобалар түні – бұл студенттік іс-шара, онда 2-3 адамнан тұратын командалар өздерінің түнгі уақытын белгілі бір бизнес-кейс бойынша мини-зерттеулер жүргізу және идеяларды іске асыруға арнайды.
Дайындық күні: 01.02.2017
Іске қосу күні: 24.02.2017
Бюджет: 500,000 ₸
 

2017 жылғы 23-24 ақпан күндері «Нархоздағы 3.0 Жобалар түні» өтті. Бұл жолы құрамына 2-3 адам кіретін командалар зерттеу негізіндегі өз идеяларын ұсынды. Жобалар тақырыбы: «Нархозда кіші кәсіпкерлікті дамыту: MOST бизнес-инкубаторының мүмкіндіктері».  Осы бизнес-кейстің шешімін табуға келесілер енді:

1.  Студенттерді тартуға арналған маркетингтік шешімдер іздеу;

2. Өз бизнесіңді бастау үшін қандай әрекет жасаған жөн?

13 команда әр міндетке 3 идеядан дайын етті.

Бейсенбіден жұмаға қараған түні Нархоздың барлық курстарының 30 студенті  маркетингтік шешімдер іздеумен айналыстыол шешімдер студенттердің бизнес-инкубатор  мүмкіндіктері туралы хабардар болу деңгейлерін арттырары сөзсіз.

Студенттер жобаларын MOST бизнес-инкубаторының  тапсырыс берушілері Павел Коктышев пен Әлім Хамитов, «Маркетинг» білім беру бағдарламасына жетекшілік ететін әріптестер – Санат Сатаев, Вячеслав Бубенщиков және Нархоз университеті Маркетинг басқармасының қызметкері Айнұр Қалдығұлова бағалады.

Бірінші орынды 1 курс студенттері Темірлан Жақсылық пен Айнұр Мәлібекова жеңіп алды. Конкурстың күміс белгісін Алина Хегай, Аружан Қадырбаева мен Ақбар Сапаров (1 курс студенттері) ұтты, ал қола жүлдеге 3 курс студенттері Ақсымбат Хасанова мен Ирэм Кесер ие болды.

Жобалар дегеніміз не ?

Біз мүмкіндіктер мен жаңалықтар уақытында өмір сүріп жатырмыз . Біздің түлектердің тәжірибесі, білімі мен мүмкіндіктері - бұл университетке көмектесіп, жас студенттерді ынталандыратын қозғаушы күш .

Біздің түлектер мен серіктестер әрдайым студенттердің жобаларын қолдайды, сондай - ақ өздері бастамашылар болып келеді .