Жобалар түні 2016

Жобалар түні – бұл студенттік іс-шара, онда 2-3 адамнан тұратын командалар өздерінің түнгі уақытын белгілі бір бизнес-кейс бойынша мини-зерттеулер жүргізу және идеяларды іске асыруға арнайды.
Дайындық күні: 17.09.2016
Іске қосу күні: 28.10.2016
Бюджет: 500,000 ₸

Жобалар түні – бұл студенттік іс-шара, онда 2-3 адамнан тұратын командалар өздерінің түнгі уақытын белгілі бір бизнес-кейс бойынша мини-зерттеулер жүргізу және идеяларды іске асыруға арнайды.

Қатысу шарттары

  1. Командада 2 немесе 3 адам болуы тиіс;
  2. Өткізу мерзімі – 21:00-09:00 аралығы; 
  3. Өзімен бірге ноутбук алып жүру; 
  4. Әділқазылар алқасының назарына жобаның 3 минуттық тұсаукесерін ұсыну; 
  5. Іс-шара бейсенбіден жұмаға қараған түні өткізіледі.

«Технология және экология» кафедрасы Студенттермен жұмыс жөніндегі деканатпен (СЖД) бірлесе отырып, «Жобалар түнін» 2016 жылғы 27-28 қазанда өткізді.

СЖД «Технология және экология» кафедрасымен  бірлесе отырып, 1-3 курс студенттері үшін Нархоздың №2 оқу-зертханалық корпусындағы (2 ОЗК) энергиялық тиімділік пен  энергия үнемдеуді арттыру бойынша Жобалар түнін өткізді.

Оқиғаның бастамашысы – Нархоз оқытушысы, э.ғ.к., доцент Тұрсынгүл Ахмедиярқызы Ғұмарова. Ғұмарова ханым Нархоз  университетінің ректоры грантының иегері болып саналады және ол энергияның жаңғырмалы көздері бойынша зерттеулер жүргізеді.

15 студенттік команда өз идеяларын ұсынды, оларда оқу орнында энергияны үнемді пайдаланудың тиімділігі және осымен байланысты шығындарды қысқарту жолдары қарастырылды.

Нархоз ректоры Кшиштоф Рыбиньски, Студенттермен жұмыс жөніндегі декан Дана Шаяхмет, әкімшілік-шаруашылық басқарманың басшысы Сергей Колесников, сол сияқты Қолданбалы зерттеулер институтының директоры Морена Скаламера жұмыстарға өз бағаларын берді.

Бірінші орынды №6 команда жеңіп алды:

Әшірәлі Әлібек пен Садуақас Рысдәулет. Жүлделік қор – 30 000 теңге.

Екінші орынға №5 команда ие болды:

Бегалы Елназ, Жайсаңқұлов Нұржан, Шаймұқан Темірлан.  Жүлделік қор – 15 000 теңге.

Үшінші орынға №13 команда ие болды:

Сейдахым Ұлан, Оразаев Алмас, Абдулла Байболат.  Жүлделік қор – 5 000 теңге.

Нархоздың әкімшілік-шаруашылық басқармасы студенттер жұмыстарына ерекше назар аударып, үздік жобалар идеяларын практикаға енгізуді қолға алды.

 
Жобалар дегеніміз не ?

Біз мүмкіндіктер мен жаңалықтар уақытында өмір сүріп жатырмыз . Біздің түлектердің тәжірибесі, білімі мен мүмкіндіктері - бұл университетке көмектесіп, жас студенттерді ынталандыратын қозғаушы күш .

Біздің түлектер мен серіктестер әрдайым студенттердің жобаларын қолдайды, сондай - ақ өздері бастамашылар болып келеді .