Mister & Miss Narxoz 2018

Университет студенттері арасындағы дарындыларды айқындаудың дәстүрлі конкурсы
Дайындық күні: 01.01.2018
Іске қосу күні: 17.01.2018
Бюджет: 1,000,000 ₸

Өткен аптада ең көлемді де жарқын студенттік конкурстардың бірі – «Mister&MissNarxoz 2018» аяқталды. Биыл да, өткен жылғы сияқты, Студенттермен жұмыс жөніндегі деканатқа қатысу бойынша ондаған өтініш келіп түсті. Өтініш берген 60 студенттің ішінен финалға тек 10 жұп өтті, олар 5 апта бойы жеке және жұптық өнер көрсетуге дайындық жүргізді.

Қатысушылар конкурстың келесі 4 кезеңінен өтті:

  • «сахналық дефиле» конкурсы (сыртқы түрмүсін, костюм);
  • «визит карточкасы» конкурсы: «Біз неге  Нархоз Сұлтаны мен Ханшайымы-2018 титулына лайықтымыз?» бейне-ролигі;  
  • шығармашылық кезең (вокал, би және т.б.);
  • оқу орнының, елдің тарихы және т.б. енетін әр түрлі тақырыптар бойынша «блиц-сауалнама».  

2018 жылғы Нархоз Сұлтаны мен Ханшайымы болып  Нарайба Ілияс ("Стандарттау және сертификаттау" мамандығы, 2 курс) пен Демеуова Салтанат ("Есеп және аудит" мамандығы, 2 курс) атанды

Аталған жылдың жеңімпаздарына тәж-коронаны 2017 жылғы Нархоз Сұлтаны мен Ханшайымы – Төлеби Төребек пен Ажар Құрмашева табыс етті.

Нархоз  Вице-Сұлтаны мен  Вице-Ханшайымы болып Дәкібай Дінмұхамед (1 курс, Экономика) пен Омар Əсел (1 курс, Статистика) сайланды.

Дарындылар мен шығармашылық конкурсы GrandPool, СпасиBeaucoup, ҚР Тікелей сатулар қауымдастығы, Пиноккио Плаза, Broshkz, VELADA Models модель агенттігі, PUZZLE жастар лэйблі, "Бөлмеден шығужобасының квесті, Кинопарк және CoppoLA Сицилия рестобарының қолдауымен өткізілді.

Конкурс қатысушыларына оқиға демеушілері мен Нархоз  университеті атынан сыйлықтар және сувенирлер табыс етілді.   VELADA Models модель агенттігі атынан оқуға арналған сертификатты Дәкібай Дінмұхамед (1 курс, Экономика) пен Омар Əсел (1 курс, Статистика) жұбы ұтып алды.

Конкурстың алдыңғы қатарында оқиғаның тұрақты қонақтары – Нархоз  университетінің ректоры Эндрю Вахтель, проректорлар  Эльмира Ыдырысова мен Виктория Цай жүрді.

Конкурсанттарды, өткен жылғыдай, кәсіби әділқазылар алқасы бағаладыоның құрамында келесілер болды:

  • Нэлля Ивашкина – жеңіл атлетика бойынша спорт шебері, "Crossфит" пен "DeepWork" бағдарламаларының жаттықтырушысы, "GrandPool" спорттық-сауықтыру орталығының  фитнес-директоры;
  • Батыржан Сопеков – PUZZLE жастар лейблінің негізін қалаушы, Ninetyone тобының  хореограф-қоюшысы;
  • Асан Паржанов – СпасиБоку-дың  бас директоры;
  • Виолета Пархоменко – Нархоз университетінің белсенді түлегі;
  • Анастасия Калашникова – ҚР Тікелей сатулар қауымдастығының атқарушы директоры;
  • TheKitchenSongs – қазақстандық эстраданың жұлдызы;
  • Денис Поленов – Нархоз университеті Емтихан орталығының бастығы.
Жобалар дегеніміз не ?

Біз мүмкіндіктер мен жаңалықтар уақытында өмір сүріп жатырмыз . Біздің түлектердің тәжірибесі, білімі мен мүмкіндіктері - бұл университетке көмектесіп, жас студенттерді ынталандыратын қозғаушы күш .

Біздің түлектер мен серіктестер әрдайым студенттердің жобаларын қолдайды, сондай - ақ өздері бастамашылар болып келеді .