2017 жылғы 23-24 ақпан күндері «Нархоздағы 3.0 Жобалар түні» өтті. Бұл жолы құрамына 2-3 адам кіретін командалар зерттеу негізіндегі өз идеяларын ұсынды. Жобалар тақырыбы: «Нархозда кіші кәсіпкерлікті дамыту: MOST бизнес-инкубаторының мүмкіндіктері». Осы бизнес-кейстің шешімін табуға келесілер енді: 1. Студенттерді тартуға арналған маркетингтік шешімдер іздеу; 2. Өз бизнесіңді бастау үшін қандай әрекет жасаған жөн? 13 команда әр міндетке 3 идеядан дайын етті. Бейсенбіден жұмаға қараған түні Нархоздың барлық курстарының 30 студенті маркетингтік шешімдер іздеумен айналысты, ол шешімдер студенттердің бизнес-инкубатор мүмкіндіктері туралы хабардар болу деңгейлерін арттырары сөзсіз. Студенттер жобаларын MOST бизнес-инкубаторының тапсырыс берушілері Павел Коктышев пен Әлім Хамитов, «Маркетинг» білім беру бағдарламасына жетекшілік ететін әріптестер – Санат Сатаев, Вячеслав Бубенщиков және Нархоз университеті Маркетинг басқармасының қызметкері Айнұр Қалдығұлова бағалады. |
Бірінші орынды 1 курс студенттері Темірлан Жақсылық пен Айнұр Мәлібекова жеңіп алды. Конкурстың күміс белгісін Алина Хегай, Аружан Қадырбаева мен Ақбар Сапаров (1 курс студенттері) ұтты, ал қола жүлдеге 3 курс студенттері Ақсымбат Хасанова мен Ирэм Кесер ие болды.